Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы

    Все новости

    «Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» бірыңғай сынып сағаты







    №27 мектеп-лицейінде «Отбасы –тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» атты тәрбие сағаты өтті.  Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сынып сағаты барысында оқушылар өзінің отбасы, отбасындағы дәстүрлер, отбасындағы ата-ананың және баланың міндеті туралы кластер құрастырды, эссе жазды, өз ойларын дәлелдеді, отбасымен бірге түскен суреттерден коллаж жасады, суреттер салды, белгілі бір жағдаяттарға байланысты көріністер көрсетті. 

    4 «А» сыныбы сынып сағатына Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері Жұмаш Қалыбек Жонайұлын шақырды. Актер оқушылармен сұхбатында өзінің балалық шағы, шығармашылық жолымен бөлісіп, оқушыларға ақ батасын берді. Кездесу соңында 4 «А» сынып оқушысы Бауыржан Мерей өзі шығарған «Отбасым – байлығым» өлеңін оқыды.

    Сынып сағатының соңында балалар өз ойларын, сынып сағатынан алған әсерлерін жазды. Оқушылардың жазғанын түйіндей келе, «Тәрбие бастауы – отбасы» деген қорытынды жасауға болады.
    06.11
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    sim1.png?_=1507292985 sim2.png?_=1507293021 sim3.png?_=1507293054

     

    Полезные ссылки