Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы

    Психологтың виртуалды қабылдауы


    Zoom



    Құрметті ата-аналар!

     

    Мектептің Психологиялық қызметінің психологтарынан ақысыз кеңес алыңыз! Психологтар оқушылар мен ата-аналарға қиын өмірлік жағдайлар кезінде психологиялық көмек пен қолдау көрсетеді. Психологиялық қызмет көрсету жұмысы сіздің ішкі ресурстарыңызды табуға және ашуға, жеке және кәсіби түрде өзін-өзі анықтауға көмектесуге бағытталған.

    Қазіргі уақытта біз коронавирустық эпидемияға және одан туындаған салдарға байланысты қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатырмыз. Мұндай кезде шешім қабылдау  барысында қорқыныш, үрей, толқу, есеңгіреу сияқты жағымсыз уайымға түсуіміз мүмкін.  Егер сіздер қазіргі жағдайды жеңу қиын деп ойласаңыздар, эмоцияға беріліп, не істеріңізді білмей, қолдаудықажет етсеңіз, сіздер біздің Қызметке хабарласып, кеңес алуға жазыла аласыздар.

    Қашықтықтан оқыту мерзімінде мектеп ZOOM платформасы арқылы қашықтық форматында кеңес беруді жалғастырады, оның сілтемесі мектеп сайтында көрсетілген.

    Қабылдауды күн сайын №27 мектеп-лицейінің психологтары төмендегі кесте бойынша өткізеді:

     

    1) 08.00 - 11.00 сағат

    Орыс тілінде оқитын 7-11 сынып оқушыларының ата-аналарына - Исабаева Күлжанат Төлегенқызы.

    2) 11.00 - 14.00 сағат

    Қазақ тілінде оқитын 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына - Асилбекова Қарлығаш Ахметқызы.

    3) 15.00 сағ. - 18.00 сағат

    Орыс тілінде оқитын 1 - 4, 5 - 6 сынып оқушыларының ата-аналарына - Имашева Мейрамгүл Беделбайқызы.

     

    Электрондық пошта: ikulzhanat@bk.ru

     

    Басқа сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне мына телефон арқылы хабарласа аласыздар:

    Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (І ауысым) Хамитова Айгерим Тауасарқызы 87014385353;

     Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (ІІ ауысым) Тураров Марат Калелұлы, 87085578638

    Директор Байсалбаев Қанат Слямғазинұлы, 87022653985.

    Ізгі ниетпен, №27 мектеп-лицейінің әкімшілігі

    Полезные ссылки