Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы

    Ашық есік күні 22.11.2024

    «Әкелер одағының» форумы





    13 сәуір күні мектебімізде  Байқоңыр ауданы бойынша «Бақытты отбасы» жобасын іске асыру мақсатында «Әкелер одағының» форумы болып өтті. Форумның мақсаты әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін ұлғайту, отбасы құндылықтарын қолдана отыра жанұя беріктігін сақтау.

     



    Байқоңыр ауданы бойынша «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Әкелер одағы» форумының пресс-релизі

    Өткізілген мерзімі : 13.04.2019 ж.

    Уақыты: 10.00

    Орны: Нұр-Сұлтан қаласы, №27 мектеп-лицей

     

    Форумның мақсаты әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін ұлғайту, отбасы құндылықтарын қолдана отыра жанұя беріктігін сақтау. Іс-шараға Байқоңыр ауданының №4, 5, 8, 10, 16, 21, 23, 27, 31, 34, 49, 54, 55 мектептері қатысты, ұйымдастырушы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы. Форум қорытындысы бойынша қалалық әкелер слетіне баратын өкіл таңдалады.

     

    «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» жобасын іске асыру аясында «ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ» форумының резолюция жобасы

    1. Аудандық «Әкелер слетінің» өкілін қалалық «Әкелер слетіне» табыстау.
    2. Мектепішілік «Әкелер одағының» жобасын жасау.
    3. Жастарды тәрбиелеу мәселелеріне  отбасылық тәрбие, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы әкелерді тарту.
    4. Әкелерді түрлі профилактикалық іс-шараларға қатыстыру.
    5. Мектеп түлектерімен үгіт-насихат жұмыстарын жасау (әкелер өз тәжірибелерімен бөліседі, өзінің жұмысы, жетістіктері, мамандығының жағымды, жағымсыз жақтарымен бөліседі).
    6. Мектеп аумағындағы түрлі іс-шараларға белсенді ат салысу.
    7. Қала мектептерінің әкелеріне үндеу жасау.
       
    Жалпы орта білім беретін мектептердің аудандық әкелер Слетінің
    ҮНДЕУІ

             Біз, жалпы орта білім беретін мектептердің II қалалық әкелер Слетінің қатысушылары,  қаламыздың барлық әкелеріне өтініш білдіреміз!

                      Біз, әкелер слетінің қатысушылары :
    1. Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қала мектептерінің әкелер Кеңесінің қызметіне белсенді қатысуға;
    2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» жобасын іске асыруда мектепке көмек көрсетуге;
    3. Құқық бұзушылықтың, балалар және жасөспірімдер қылмыстылығының, кәмелетке толмағандар арасындағы маскүнемдік, нашақорлықтың алдын алу мақсатында «қатер тобындағы» балаларға тәлімгер болуға;
    4. «Әкелер мектебінің» кәсіби бағдарлау және балалар мен жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытта қамтылуы бойынша жұмысын бастауға;
    5. Осы Резолюцияны әрбір білім беру ұйымына жеткізуге шақырамыз.
    «Әке» сөзі мақтанышпен айтылатын сөз. Әке – отбасының сүйеніші, іргетасы. Құрметті әкелер, балаларымызға үлгі бола білейік!
    15.04
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    sim1.png?_=1507292985 sim2.png?_=1507293021 sim3.png?_=1507293054

     

    Полезные ссылки