Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы

    Название страницы

    Ата-аналарға «Болашақ мамандығы» төңірегінде арналған жадынама.

    Балаңызға  болашақ мамандығын еркін таңдауға мүмкіндік беріңіз.
    Оның таңдаған мамандығының жағымды және жағымсыз жақтарын бірге отырып талқылаңыздар.
    Мамандық таңдар кезінде материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттануын да есептен шығармаңыз.
    Болашақ мамандықты таңдау кезінде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз.(денсаулығы,оның бейімділігі, дарындылығы, хоббиі мен қабілеттері)
    Егер мамандықты таңдау барысында қарама-қарсылық туындап жатса, кеңесші мамандармен (кәсіби бағдарлаушы маман-профориентологпен) ақылдасыңыз.
    Мамандық таңдауда балаңызды қыспалай бермеңіз.
    Балаңыздың арманы орындалу үшін, оған барынша қолдау көрсетіңіз.
    Егер балаңыз бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса, сол бағытта дамуға  мүмкіндік беріңіз.
    Қазіргі таңда балаларға мамандықты өз қабілеттеріне және нарықтың сұранысына сай таңдауға көмектесетін кәсіби бағдарлаушы педагог -профориентолог мамандардың кеңесін алуға мүмкіндігіңіз бар екенін естен шығармаңыз .

    АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 
    «№27 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ» ШЖҚ МКҚ 
    Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі
     


    А
    та-аналардың балалармен қарым-қатынасының принциптері 
    Мен бәрін білгіш емеспін.
    Сондықтан мен сондай болуға тырыспаймын. 
    Мені жақсы көргенді қалаймын.
    Сондықтан Мен сүйетін балаларға ашық боламын. 
    Мен балалық шақтың күрделі иірімдері туралы аз білемін.
    Сондықтан мен балаларға маған сабақ беруге рұқсат етемін. 
    Мен өз күш-жігерім арқылы алған білімімді жақсы меңгеремін.
    Сондықтан мен күш-жігерімді баланың күшімен біріктіремін. 
    Мені бойымдағы бар болмысыммен қабылдағанды ұнатамын.
    Сондықтан мен балаға жанашырлық танытуға, оны бағалауға талпынамын. 
    Мен өз өмірімді өзім сүретін адаммын.
    Сондықтан мен баланың өмірін басқаруға тырыспаймын. 
    Өмірге деген үміт пен ерік-жігерді мен өз  ішкі дүниемнен іздеймін.
    Сондықтан мен баламның өздігінен әрекет ету қасиетін мойындаймын және қолдаймын. 
    Мен баланың қорқыныш, ауырсыну, көңіл қайту мен күйзеліс сезімдерін кетіре алмаймын.
    Сондықтан мен «соққыларды» жұмсартуға тырысамын. 
    Мен қорғансыз болған кезде қорқыныш сезінемін.
    Сондықтан мен қорғансыз баланың ішкі әлеміне мейірімділікпен, оны еркелете, нәзіктікпен кіремін. 
     
    Ата-аналар күнделігіне: 
    Өз балаңызды өзіңіз сөзсіз қабылдаңыз. 
    Оның уайымдары мен  пікірлерін белсенді тыңдаңыз.
    Мүмкіндігінше, онымен жиі бірге болыңыз, бірге жаттығыңыз, оқыңыз,
    ойнаңыз, бір-біріңізге хаттар, жазбалар жазыңыз.
    Оның өзінің қолынан келетін сабақтарына араласпаңыз.
    Өтінген  кезде көмектесіңіз.
    Табыстарын  қолдаңыз және ерекше атаңыз.
    Өз проблемаларыңыз туралы айтып, сезімдеріңізбен бөлісіңіз.
    Кикілжіңдерді бейбіт жолмен шешіңіз.
    Қарым-қатынаста жағымды эмоциялар тудыратын сөз тіркестерін қолданыңыз.
    үніне кемінде төрт рет құшақтап, сүйіңіз.
     
     
     

    Полезные ссылки