Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы

    Название страницы

    Жоспары 2022-2023ж


    Ақпан айының 21-і күні
     9 сыныптарға "Мамандық таңдау - маңызды іс" тақырыбында кәсіптік бағдар беру сабағы өткізілді. Оқушыларға мамандық таңдауда әсер ететін факторлар мен дұрыс таңдау жасауға қажетті әдістер айтылды, сонымен қатар мамандықтармен таныстыру мақсатында түрлі ойындар ойнатылды.
    Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, ойларын ашық жеткізіп, белсенді қатысты.
    Мақсаты: оқушыларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру және кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесу
    Дайындаған: кәсіби бағдар беруші менеджер Жұмабай А.М.

     


    Ақпан айының 17-сі күні
     9Е сыныбында "Мамандықты дұрыс таңдау" атты тренинг элементтері бар кәсіптік бағдар беру сабағы өткізілді. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынып,  "Мамандықтар сөздігі" және "Астана қаласының колледждері" тізімі салынған QR кодтар берілді.
    Мақсаты: оқушыларды ойындар арқылы әртүрлі мамандықтармен таныстыру және кәсіби бағдарын айқындауға көмектесу.
    Дайындаған: кәсіби бағдар беруші менеджер Жұмабай А.М.


    2023 жылдың 15 ақпан күні
     кәсіби бағдар беруші менеджер ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларына, төмендегі 3 ЖОО өкілдерімен кездесу өткізілді:
    1. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
    2. Астана халықаралық университеті;
    3.А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының. Кездесу барысында, 11-сынып түлектері осы оқу орындарына түсу ережелерімен танысты. Буклеттер таратылды. Оқушылар бірқатар сұрақтарына жауап алды.

     


    Педагог-кәсіби бағдар берушілерге арналған "Мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы кешенді тәсіл"  тақырыбындағы қалалық семинар.

     


    Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған "Мамандық таңдау - маңызды іс" тақырыбымен кәсіби бағдар беруші менеджер А.М. Жұмабай 2023 жылдың 6 ақпан күні 11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысына қатысты. Жиналыста "Баланың мамандық таңдау мәселесіндегі ата-ананың рөлі" тақырыбында баяндама оқылды және диагностикалау нәтижелері айтылды. Баяндамада мамандық таңдаудағы балаға көмек көрсету жолдары, түлектер арасында ең танымал мамандықтар, қазіргі заманның табысты мамандары туралы ата-аналарға ақпарат берілді. Ата-аналар белсенді қатысып, мамандық таңдау мәселесіне байланысты өз ойларын ортаға салды, пікір алысты, сауалнама алынды.

     


    23.01.2023 ж.
     9-сынып оқушылары «Бизнес және білім менеджменті колледжі» ЖШС ашық есік күнін тамашалады.Оқушыларға әр мамандықтың презентациясы көрсетіліп, колледжге экскурсия жүргізілді және оқытушылармен қысқаша диалогтар жүргізіліп, оқушылар оқу шарттары, шәкіртақы, жатын орын туралы сұрақтарын қойды.

     


    Мамандықтар әлемі туралы білім алу, сонымен қатар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 5-7 сынып оқушылары арасында «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.

     


    Тренинг «Мамандық - өмір таңдауы»
    28.12.2022 жылы 9 А және 9 Ә сыныптарында педагог-кәсіби бағдар беруші Жұмабай А.М. «Мамандық - өмір таңдауы» атты тақырыпта тренинг өткізді.

    Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері классификациялық белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтапға деген ынта – ықыласын арттыру. 
    Тренинг барысында түрлі ойындар ойнатылды, оқушылардың қызығушылықтары туралы әңгімелесулер болды. Болашақта ескіретін мамандықтар мен қазіргі заманның сұранысқа ие, табысты мамандықтары туралы ақпараттар берілді

     


    26.12.2022 жылы 10 А және 11 А сыныптарында педагог-кәсіби бағдар беруші Жұмабай А.М. «Мамандығым менің болашағымның таңдауы» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізді.
    Мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу. Өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілетін арттыру.
    Оқушыларға мамандық таңдауға байланысты ситуациялық жағдайларды шешу ұсынылды және болашақта ескіретін мамандықтар мен қазіргі заманның сұранысқа ие, табысты мамандықтары туралы ақпараттар берілді.



    12-15 желтоқсан аралығында Қазақстан халықаралық лингвистикалық колледжі мен LTC Language мектебінің оқытушылары Брайан мырза 9-сынып оқушыларына ойын форматында ағылшын тілінде дәріс өткізді. Белсенді қатысып, сұрақтарға жауап бергендерге колледждің жеке дәптері мен қаламдары сыйға тартылды. Бұл студенттер үшін жақсы тәжірибе алмасу және шет тілдерін одан әрі үйренуге ынталандыру болды.

     
     

















































































































































































































    Полезные ссылки