Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1507291004

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  • Мектебіміздің сайтына қош келдіңіздер  Мы рады видеть Вас на нашем сайте  We are glad to see you on our site
    Меню школы

    Мемлекеттік Елтаңба



    Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

     

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы − дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.
    Жоғарғы бөлігінде − бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN». деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «QAZAQSTAN». деген жазу − алтын түстес.
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
    Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
    Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

    Полезные ссылки