Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Школа-лицей №27 города Астаны
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы

    Название страницы

    2014-2015 оқу жылының I жартыжылдығы бойынша «Жасұлан» РБЖБҰ мүшелерімен жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

    Жастар бастамаларын қолдау және «Жасұлан», «Жасқыран» БЖҰ бағыты бойынша  10.09 дейін «Жасұлан», «Жасқыран» БЖҰ қабылданған оқушылардың тізімі жасалды. 26.09.14ж. «Жасұлан» БЖҰ-ның Ұланбасы сайланды. Ұланбасы болуға үміткер Женисова Индира, Амерханов Амерлан, Жапарқызы Айзерек, Орусский Кирилл, Курганенко Виктор өз кандидатураларын ұсынған болатын. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша Ұланбасы болып 9в сынып оқушысы Жапарқызы Айзерек тағайындалды.  Қалалық «Астана-Нано» олимпиадасының өткізілмеуіне байланысты, сұраныс берілмеді. Мектепшілік жүргізушілер сайысы өткізілді. Барлығы 13 үміткер қатысты. Оқушылар өздері туралы презентация дайындап, оқу шеберліктерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша «Жасұлан» БЖҰ-ның мүшелері, 7 «Л» сынып оқушысы Макаренко Нина /жетекшісі Аршабаева Ляззат Мухамедрахимовна/, 3б сынып оқушысы Плотников Леонид  /жетекшісі Штоль Людмила Степановна/ жеңіске жетіп, қалалық байқауға жолдама алд. 21.10.14 ж. өткен қалалық байқауда Макаренко Нина 3-орын иеленсе, Плотников Леонид  дипломмен марапатталды. 5-11 сыныптар арасында күзгі бал өтті. Оқушылар балға арнайы костюмдер киіп, вальс билеп, түрлі сайыстарға қатысты. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. 24.10.2014ж. «Жастар» сарайында өткен «Жайдарлы Жас Ұлан» атты республикалық сайыстың қорытынды кезеңіне 8б сынып оқушылары /жетекшісі А.К.Бакакова/ көрермен ретінде қатысты.
    Президент күніне орай «Жасұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау өткізілді. Салтанатты түрде өткен жиында бастауыш сыныптың 176 оқушысы жасқыран қатарына қабылданып, ант берді. Аталған жиынға жоғары сыныптағы Жасұлан ұйымының мүшелері қатысып, бастауыш сынып оқушыларына галстуктар тақты. Жиында оқушылар Жасұлан әнұранын айтып, жартыжылдықта жетістіктерге қол жеткізген оқушылар марапатталды. Қалалық деңгейде өткен «Жасұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне 3з сынып оқушысы оқу озаты Кайдаров Амерлан қатысты. 22.11.2014 жылы өткен «Туған күніңмен, мектебім!» атты мектебіміздің 30 жылдығына арналған мерейтойына жасұландықтар дайындалып, мерекені жоғары деңгейде өткізді. Аталған іс-шараға Білім басқармасынан мектебіміздің жетекшісі Кулушбаева Ж.А. және мектеп директорлары қатысты. 1-11 сыныптар арасында өткен жаңа жыл мерекесін тойлау бойынша іс-шараларға жасұландықтар белсене ат салысты. Мектептің дәлізін безендіру, мерекелік кештің сценарийін жазу, дайындау, өткізу жұмыстарында оқушылар өз біліктіліктерін көрсете білді. 2в сынып оқушысы Перминов Дмитрий «Жаңа жылдық костюм» қалалық байқауына қатысып /жетекшісі Гаркушина Н.В./, дипломға ие болды.
    2014 жылдың 28 қарашасында №30 МГ өткен VI қалалық «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты театрландырылған балалар байқауына төмендегі қатысты:
    1. Акашев Темірлан – 7 А
    2. Насурла Айгерім – 7 А
    3. Галимжанова Лаура – 7 А
    4. Каракушикова Ару – 7 а
    5. Цорн Настя – 6 Г
    6. Борщева Наташа – 6г
    7. Шклярук Родион – 6 Г
    8. Суслов Никита – 6 Г жетекшілері Карбозова А.Ж. Самсонова О.Е.

    Полезные ссылки